С. Димерель атындағы университет студенттері «Алматы — алмалы қала» акциясын өткізді

«Алматы — алмалы қала» акциясы

«Алматы — алмалы қала» акциясы аясында С. Димерель атындағы университеттің «Enactus SDU» студенттік бірлестігінің студенттері біздің балаларға бейнелеу өнері бойынша сабақ өткізді.

Студенттер өздерімен бірге қағаз, бояулар және қажетті құралдарды алып келді. Сонымен қатар, балалар үшін торт, тәттілер мен жемістерден тұратын шағын шай дастарқанын ұйымдастырды.

Студенттер алдағы уақытта да бізбен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді. Балаларға көңіл бөліп, уақыттарын арнағандары үшін алғысымызды білдіреміз!

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top