Бағдарламалар мен қызметіміз

«Сен жалғыз емессің» бағдарламасы: отбасын сақтап, балаға болашақ сыйлау

«Сен жалғыз емессің» — қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен ата-аналарды қолдауға бағытталған «Нұр» қайырымдылық жанұя балалар үйінің бағдарламасы.

Бағдарламаның басты мақсаты — баланы отбасынан ажыратпау, отбасының дағдарысты еңсеруіне және баланы өз отбасында сақтап қалуына көмектесу.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді

Бала «Нұрда» жұмыс күндері — дүйсенбіден жұмаға дейін болады. Мұнда ол тамақпен, қамқорлықпен, медициналық сүйемелдеумен, оқуына қажетті қолдаумен және қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз етіледі.

Демалыс күндері, мереке және каникул кезінде бала ата-анасына үйіне қайтады. Ата-аналар өз құқықтарын сақтайды және баланың заңды өкілдері болып қала береді.

Бұл өте маңызды: «Сен жалғыз емессің» — интернат та, дәстүрлі үлгідегі баспана да емес.

Біз балаға отбасының орнын басқымыз келмейді. Ата-аналар қиындықтарды өз бетімен жеңе алмай тұрған кезде, біз отбасыға уақытша қолдау көрсетеміз.

Бағдарлама кімдерге көмектеседі

Бағдарлама өз жағдайын өзгерткісі келетін, бірақ күрделі өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға арналған. Олардың қатарында тұрақты жұмыстың болмауы, табыстың төмендігі, тұрғын үй және басқа да тұрмыстық мәселелер болуы мүмкін.

Бала жұмыс аптасында «Нұрда» болған кезде, ата-ана:

  • жұмысын сақтап қалуға немесе жұмыс табуға;
  • білім алуға;
  • жаңа мамандық игеруге;
  • тұрғын үй және тұрмыстық мәселелерін шешуге;
  • қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіруге;
  • отбасындағы тұрақтылықты біртіндеп қайта орнатуға мүмкіндік алады.

Біз балаға отбасының орнын басқымыз келмейді. Біз отбасыға баласын сақтап қалуға көмектескіміз келеді.

Бала не алады

«Нұрда» балалардың тұруына, оқуына, тамақтануына, демалуына және дамуына қажетті жағдайлар жасалған.

Бала:

  • күніне үш мезгіл тамақтанады;
  • маусымдық киіммен қамтамасыз етіледі;
  • медициналық сүйемелдеу алады;
  • мектепке барып-қайту үшін көлікпен қамтамасыз етіледі;
  • оқуына қажетті көмек алады;
  • жұмыс күндері қауіпсіз ортада болады;
  • спортпен айналыса алады;
  • қарым-қатынас жасауына және дамуына жағдай жасалады;
  • кітапхана мен компьютер сынығын пайдалана алады.

Аумағы шамамен 2200 м² болатын «Нұрда» ас блогы мен кір жуатын орын, кітапхана, компьютер сыныбы, спорт аймағы, футбол алаңы, баскетбол және воркаут алаңдары бар.

Бұл бағдарлама неге маңызды

«Нұр» өз қызметі жылдарында жүздеген балаға көмек көрсетті. Балалар үйін 1998 жылы Туяк Казкеновна Ескожина мен Ануарбек Байсарин құрған.

Алғашқы ғимаратты қалпына келтіру үшін ерлі-зайыптылар Алматыдағы өз пәтерін сатып, түскен қаражатты балаларға арналған үйді құруға жұмсады. 28 жыл ішінде «Нұрдан» 750 тәрбиеленуші өтті.

Бүгінде ата-ананың қажетті қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесумен қатар, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу — дағдарыс баланың ата-анасынан ажырауына әкелмей тұрып, отбасына қолдау көрсету маңызды.


I кезең: бірінші корпусты күрделі жөндеу

Балалардың өз бөлмелеріне қайта оралуы үшін

«Сен жалғыз емессің» бағдарламасын жалғастыру үшін «Нұрдың» ғимаратын қалпына келтіру қажет.

Ғимарат 1982 жылы салынған. Бірнеше ондаған жыл бойы пайдаланылғандықтан, инженерлік жүйелер мен бөлмелер күрделі жаңартуды қажет етеді. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Бірінші кезең — бірінші тұрғын корпусқа күрделі жөндеу жүргізу.

Мақсат — аумағы 568 м² болатын, төрт тұрғын блогын қамтитын бірінші корпусты балалардың қауіпсіз болуына дайындау.

Бірінші кезеңнің мерзімі: 2026 жылғы қазан — желтоқсан.

Не істеу қажет

Бірінші кезеңге 13 000 000 ₸ қажет.

Қаражат мына жұмыстарға жұмсалады:

  • ескі конструкциялар мен коммуникацияларды бөлшектеу;
  • электр сымдары мен инженерлік желілерді жаңғырту;
  • сантехникалық коммуникацияларды ауыстыру;
  • жылыту жүйесін жөндеу;
  • бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу;
  • санитарлық тораптарды күрделі жөндеу және гидрооқшаулау;
  • еден жабындысын ауыстыру;
  • жаңа ішкі есіктер орнату;
  • қасбетті жылу оқшаулау және сыртқы утепление жасау.

Қаражат жинау мақсаты

13 000 000 ₸ — бірінші корпусты күрделі жөндеуге қажетті ең төменгі сома.

Қазіргі уақытта жиналғаны:

2 450 000 ₸ — 19%

Қалғаны:

10 550 000 ₸

Толық смета

ЖұмыстарСома
Ескі конструкциялар мен коммуникацияларды бөлшектеу700 000 ₸
Инженерлік желілерді жаңғырту1 800 000 ₸
Сантехникалық коммуникацияларды ауыстыру1 200 000 ₸
Жылыту жүйесін жөндеу1 500 000 ₸
Ішкі әрлеу жұмыстары2 800 000 ₸
Санитарлық тораптарды жөндеу және гидрооқшаулау1 200 000 ₸
Еден жабындысы1 100 000 ₸
Жаңа ішкі есіктер700 000 ₸
Қасбетті жылу оқшаулау2 000 000 ₸
Барлығы13 000 000 ₸

Жөндеуді неге кейінге қалдыруға болмайды

Жөндеу — ескі ғимаратты жай ғана жаңарту емес.

Бұл балалардың «Нұрдың» тұрғын бөлмелерінде қауіпсіз болуына және бағдарламаның жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін қажетті шарт.

Қазіргі уақытта тұрғын бөлмелерді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру қажет. Сондықтан біздің жақын арадағы басты міндетіміз — бірінші корпусты қалпына келтіріп, оны балалардың қайта оралуына дайындау.

Ашықтық

«Нұр» жеке қайырымдылық қаражаты есебінен жұмыс істейді және мемлекеттік қаржыландыру алмайды.

Біз әрбір донор өз қаражатының қалай жұмсалатынын көруі керек деп есептейміз. Сондықтан сайтта қайырымдылық қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы құжаттар, банк көшірмелері, растайтын құжаттар және орындалған жұмыстар туралы есептер тұрақты түрде жарияланып отырады.

Бірінші корпустың жөндеуіне көмектесе отырып, сіз «Сен жалғыз емессің» бағдарламасының жұмысын жалғастыруға мүмкіндік бересіз.

Бірінші корпусты қалпына келтіруге көмектесіңіз

13 000 000 ₸ жинау қажет.

Әрбір үлес балалардың «Нұрдың» қауіпсіз әрі дайындалған бөлмелеріне қайта оралуына жақындатады.

Сіз жай ғана ғимаратты жөндеуге көмектесіп жатқан жоқсыз. Сіз отбасы қиындықтарды еңсеріп жатқан кезде баланың қауіпсіз жерде болуына мүмкіндік беретін ортаны сақтауға көмектесесіз.

Бақылау және есептілік

Құжаттамалық растама: Kaspi Bank-тың ай сайынғы көшірмелері біздің сайтымыздың «Есептер» бөлімінде жарияланады.

Бақылау: Әрбір тиын чектермен, орындалған жұмыстар актілерімен және мердігерлермен жасалған шарттармен расталады.

Ашықтық: Біз қаражатты жеке карталарға жинамаймыз — тек ҮЕҰ-ның ашық шотына ғана.

«Kaspi Bank» АҚ арқылы қайырымдылық жарнасын қауіпсіз аудару. «Нұр қайырымдылық жанұя балалар үйі» мемлекеттік емес мекемесі, БСН 981240015961.

Scroll to Top