2023-2024 жылдардағы жиынтық есеп

«Толыққанды тамақтану, балалар арасындағы йод тапшылығының алдын алу» жобасы

2024 жыл Nutrition for Healthy Children (EMEA) США — 12 000 доллар көлемінде құрамында йоды бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға арналған грант. Сәтті жүзеге асырылып, қаражаттың жұмсалуы бойынша есеп өткізілді. 2025 жылы жобаны ұзарту (пролонгациялау) күтілуде.

Мәселенің сипаттамасы

Йод тапшылығынан туындайтын аурулар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.

Балалар ағзасындағы йод жетіспеушілігі эндокриндік жүйенің бұзылуына әкеп соғады. Бұл зат алмасудың бұзылуына, бой өсуіне қажетті гормондардың жетіспеушілігіне, сондай-ақ физикалық, психикалық және ақыл-ой дамуының тежелуіне себеп болуы мүмкін.

Йодтың тәуліктік қажеттілігі:
— кіші жастағы балаларға (2-6 жас) – 90 мкг;
— мектеп оқушыларына (7-12 жас) – 120 мкг;
— ересектерге (12 жастан жоғары) – 150 мкг;
— жүкті және бала емізетін әйелдерге – 200 мкг.

Жүзеге асырылуы

Жыл бойы 41 адамға арналған азық-түлік өнімдері сатып алынды. Күн сайын құрамында йоды бар өнімдерден 41*3=123 тағам дайындалды. Бір жыл ішінде барлығы 44 895 тағам әзірленді.

«Өлшемі 40х20 м футбол алаңын, workout (воркаут) алаңын, streetball (стритбол) алаңын, 60 м жүгіру жолағын салу» жобасы

2020 жыл Корпоративный Фонд «Смелость быть первым» Жасанды жабыны бар футбол алаңын, workout алаңын, streetball алаңын және 60 метрлік жүгіру жолағын салу. Жобаның құны — 14,5 млн теңге.

«Бірінші болу батылдығы» корпоративтік қоры жыл сайын «Алматы марафонын» өткізеді. 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты марафон өткізілмей қалған соң, қор бұл қаражатты Алматы облысындағы спортты дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдады. Үміткерлерді іріктеу байқауы өткізіліп, нәтижесінде біздің үй шағын стадион құрылысы үшін таңдап алынды.

Стадион детский дом НУР

2021 жылғы қаржылық есеп

Гранттар мен қайырымдылық көмек: 15 млн теңге

Жұмсалған қаражат:

  • Азық-түлік өнімдері: 8 млн теңге
  • Еңбекақы қоры: 12 млн теңге
  • Коммуналдық төлемдер: 3,984 млн теңге
  • Көлік шығындары: 0,36 млн теңге
  • Ғимарат амортизациясы: 1,2 млн теңге
  • Барлығы: 25,154 млн теңге

10,154 млн теңге — меценаттардың азық-түлік және материалдар түріндегі көмегі.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top