2013 жылғы 27 қазанда Алматы қаласында «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының VII жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті. Сыйлықты ұйымдастырушы – «Бауыржан» қайырымдылық қоры.
Бұл кеште жыл бойы жүрек жылуын көмекке мұқтаж адамдарға жомарттықпен бөлісіп, өздерінің рухани және адамгершілік борышын атқарып жүрген жандар марапатталды.
Биылғы «Жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін» номинациясы бойынша «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің директоры Туяк Қазкенқызы Ескожина «Алтын Жүрек» сыйлығына ие болды










