Тәрбиеленушіміз Қалдыбаев Ұлан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің лейтенанты атағын алды!
Биыл Ұлан Қалдыбаев Алматы қаласындағы Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының РТВ және РТО факультетін, ЗРВ кафедрасын тәмамдап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің лейтенанты атағын алды.
Ұлан өзінің әскери жолын 5-сыныптан кейін Астана қаласындағы «Жас Ұлан» кадет корпусына оқуға түсу арқылы бастады.
Кадет корпусын ойдағыдай аяқтағаннан кейін Алматыдағы Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтына оқуға түсті.
Қалдыбаев Ұлан – кәсіби әскери қызметші және ол офицер атағын лайықты түрде иеленді!
Біз Ұланмен мақтанамыз!




