15.09.2013 — «Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру» конференциясы

2013 жылғы 15 қыркүйекте «Бота» қоғамдық қоры мен «Салауат» медициналық-биологиялық институты қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру» атты конференция өткізілді.

Семинар 21.09.2013

Қозғалған тақырыптар:

  1. Жастар арасындағы семіздіктің себептері: дұрыс тамақтанбау (фастфуд, жартылай фабрикаттар және газдалған сусындар).
  2. Қозғалыссыз өмір салты: компьютер алдында сағаттап отыру, дене белсенділігінің болмауы.
  3. Зиянды әдеттер: алкогольді тұтыну, темекі шегу.

Баяндамашылар:

Басығараев Уәлихан Есмаханович — Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Алматы облыстық филиалының ақпараттық орталығының меңгерушісі, «Жас агроном және фермер» жобасының педагогі.

Мұрзахметова Майра Қабдраушевна — «Салауат» медициналық-биологиялық институты» қоғамдық бірлестігінің президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор.

Датхабаева Гаухар — биология ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ҰСДДС жобасының «Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бойынша коммуникациялық іс-шаралар» тақырыбының жетекшісі.

Іс-шара Талдықорған қаласының «Талдау Хабаршысы» газетінде жарияланды.

Заметка в газете
Заметка в газете

Scroll to Top