2013 жылғы 30 наурызда Алматы қаласында «Болашақ» қауымдастығының мүшелері II жыл сайынғы қайырымдылық балын өткізді.
Балдан жиналған қаражат Талғар қаласындағы «Нұр» отбасылық балалар үйіне балалар алаңын салуға және терезелерін қайта жөндеуге бағытталды. Қаражаттың бір бөлігі мүгедек балалар ата-аналары қауымдастығының оңалту орталығына берілді.
«Нұр» балалар үйінің ғимараты жөндеуді қажет етеді, ал аулада кішкентай балаларға арналған ойын алаңы жоқ.
Балалар үйін қолдау мақсатында «Болашақ» қауымдастығы балға келген қонақтарға игі іске өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.
Қайырымдылық балы «InterContinental Almaty» қонақүйімен бірлесіп ұйымдастырылды.















