Психологиялық тренингтер
Психология бойынша тренингтерді Файзуллина Аида Камилиевна жүргізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және этникалық психология кафедрасының аға оқытушысы.
«Көшбасшылық қасиеттердің негіздері» тренингі
Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Жасөспірімдік кезеңде көшбасшылыққа деген ұмтылыс ерекше қызмет түрі ретінде қалыптасып, көшбасшылық қасиеттердің негіздері қаланады. Жоғары сынып оқушылары өздерін осы рөлде сынап көріп, белгілі бір әлеуметтік және көшбасшылық рөлдерді атқарады. Көпшілігі көшбасшылық мәселесін түсінуге, өз бойында белгілі бір көшбасшылық стилін қалыптастыруға, өзін танымал көшбасшылармен салыстырып, сәйкестендіруге және т.б. ұмтылады.
«Тиімді қарым-қатынас» тренингі
1-блок
Тренингтің мақсаты: тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
- Қарым-қатынас туралы қажетті теориялық материалды түсіндіру;
- Тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған әдістемелер мен жаттығулар өткізу;
- Кері байланыс ұйымдастыру.
«Тиімді қарым-қатынас» тренингі
2-блок
Сабақтың мақсаты: тренингке қатысушылардың бір-бірімен тез әрі жақсы танысуына жағдай жасау, топта жұмыс істеу қағидаларымен таныстыру, топтық дәстүрлерді қалыптастыру, қарым-қатынастың ойын түрін меңгеру, сондай-ақ әр қатысушының топпен бірге жұмыс істеуі қажет болатын жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.





