«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылғы 25 тамыздан 7 қыркүйекке дейін өткізілді.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші, іріктеу кезеңі Қазақстанның облыстары мен ірі қалаларында өтті.
Алматы облысы бойынша өткен іріктеу кезеңінің нәтижесінде біздің отбасымыз жеңімпаз атанды. Енді SMS арқылы дауыс беру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік отбасы анықталатын болды.
Бізді қолдап, 6284 қысқа нөміріне тегін SMS жолдауыңызды сұраймыз. Хабарлама мәтініне 6 санын жазыңыз.
Сонымен қатар, достарыңызға да біздің, Ескожиндер отбасы үшін дауыс беру мүмкіндігі туралы айтып, қолдау көрсетуге шақырамыз!
Толық ақпаратты мына жерден білуге болады: Kaztube — Ескожиндер отбасы.

