Н.Ә. Назарбаев Анамызға «Бірлік» алтын медалін табыстады.

24 сәуірде Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты XX мерейтойлық сессиясы өтті. Ассамблея – бұл 17 миллион қазақстандық.

Мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде қазіргі сессияның ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Ассамблея үлкен эволюциялық жолдан өтіп, кәмелеттік жасқа толып, ұлтымыздың аса маңызды жалпыазаматтық институтына айналды. Қазақстан этносаралық қақтығыстардан азат аумаққа айналды. Этносаралық тыныштық пен келісімнің арқасында экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар сәтті жүзеге асырылды. Бейбітшілік пен тыныштық әрбір шаңыраққа енді.

– Бұл – сіздермен және Ассамблеямен атқарған жұмысымыздың басты нәтижесі. Бүгінде біз толық негізбен Ассамблея – тұтастай Қазақстан халқы деп айта аламыз. Барлық 17 миллион адам! Бүгінде Ассамблея – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді әрі берік іргетасы, – деді Президент.

Сессия барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті С. Абдрахмановқа, болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы О. Дымовқа, Талғар қаласындағы «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің директоры Т. Ескожинаға, Павлодар облысы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы М. Парипсаға, «Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ басшысы А. Хамедовке және Ақмола облысы ҚХА Балалар және жастар ұйымдары қауымдастығының төрағасы Д. Галлямовқа табыстады.

Видео о награждении Ескожиной Т.К. президентом РК Назарбаевым Н.А. телеканала «Хабар»

Scroll to Top