27 қаңтар 2013 жылы бизнес-тренингтер басталды.
Тренингтің мақсаты: балаларды ауыл шаруашылығында бизнесті жүргізу негіздеріне үйрету.
Тренингтің негізгі тақырыптары:
- Ауыл шаруашылығында бизнесті жүргізу нысандары
- Шаруа (фермер) қожалығы түріндегі жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?
- Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі дегеніміз не?
- Құжат айналымы дегеніміз не?
- Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі
- Арнайы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері
- Шаруа қожалықтарының міндеттемелерінің түрлері және олар бойынша жауапкершілік
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың қандай бағдарламалары бар?
- Мемлекеттік сатып алулар қаржыландыру көзі ретінде
- Кеден одағы және ауыл шаруашылығы дегеніміз не?
- ДСҰ және ауыл шаруашылығы дегеніміз не?
- «Сыртқы экономикалық қызмет» дегеніміз не?
- Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы болу үшін не істеу керек?
- Лицензиялау дегеніміз не?
«Бота» қорының қаржылай қолдауының арқасында біз жыл бойы тренингтерді тұрақты түрде өткізе бастаймыз. Тренингтерді шетелде білім алған, Қазақстанда қаржылық және кәсіпкерлік сауаттылық бойынша ондаған тренинг өткізген маман, бизнес-тренер Ғалым Жұқыпбаев жүргізе бастады.
Біздің мақсатымыз — «Нұр» және «Ковчег» балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне жаңа білім беру. Бағдарлама аясында екі балалар үйінен 150 баланы оқыту жоспарланған.









