«Жыл отбасы» байқауы – 2015 жыл
Media Link Agency мен 31-арна «Жыл отбасы» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – дауыс беру арқылы жылдың үздік отбасын анықтау.
Байқау жеңімпазы атану – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біздің отбасымыз жеңіске жетті. Бізді қолдаған барша жанға алғысымызды білдіреміз!
Дауыс беру бізде қаншама дос бар екенін көрсетті. Сіздердің қолдауларыңыз – қайырымдылықты дамытуға, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлес.
«Жыл отбасы» сыйлығы, 2015 жыл

