2013 жылғы 15 қыркүйекте «Бота» қоғамдық қоры мен «Салауат» медициналық-биологиялық институты қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру» атты конференция өткізілді.

Қозғалған тақырыптар:
- Жастар арасындағы семіздіктің себептері: дұрыс тамақтанбау (фастфуд, жартылай фабрикаттар және газдалған сусындар).
- Қозғалыссыз өмір салты: компьютер алдында сағаттап отыру, дене белсенділігінің болмауы.
- Зиянды әдеттер: алкогольді тұтыну, темекі шегу.
Баяндамашылар:
Басығараев Уәлихан Есмаханович — Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Алматы облыстық филиалының ақпараттық орталығының меңгерушісі, «Жас агроном және фермер» жобасының педагогі.
Мұрзахметова Майра Қабдраушевна — «Салауат» медициналық-биологиялық институты» қоғамдық бірлестігінің президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор.
Датхабаева Гаухар — биология ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ҰСДДС жобасының «Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бойынша коммуникациялық іс-шаралар» тақырыбының жетекшісі.
Іс-шара Талдықорған қаласының «Талдау Хабаршысы» газетінде жарияланды.


