Media Link Agency мен 31 арна бірлесіп «Жыл отбасы» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – көпшіліктің дауыс беруі арқылы жылдың үздік отбасын анықтау.
Байқау жеңімпазы атану – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біздің отбасымыз жеңіске жетті. Бізді қолдаған баршаңызға үлкен рақмет!
Дауыс беру бізде қаншалықты көп достарымыз бар екенін көрсетті. Сіздердің қолдауларыңыз – қайырымдылықты дамытуға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлес.
«Жыл отбасы» сыйлығы, 2015 жыл

